Қосшыда ғаламат домбыра бәйгесі өтіп жатыр.

Қосшыда ғаламат домбыра бәйгесі өтіп жатыр.

Наурызнама онкүндігі аясында және Қосшы қаласының 5 жылдығына орай "Телқоңыр" І Республикалық жас шеберлер байқауы өтіп жатыр.

Байқауда домбыра жасаушы жас шеберлердің жаңа туындылары таныстырылып, сахнада сынақтан өтіп, өзара сайысқа түсуде.

Қосшы қаласы әкімдігі және "Саз аспаптар шеберлерінің одағы" РҚБ ұйымдастырып отырған байқауда белгілі шеберлер, күйшілер, әншілер сарапшы болып, жеңімпазды анықтауда.

Сайысқа еліміздің барлық аймағынан 18-35 жас арасындағы жас шеберлер қатысты, бірінші турда іріктеуден өткен 38 домбыра екінші турда сыналып жатыр. Оған әйгілі күйші, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанғал Жүзбай, танымал шебер Сұлтан Мұсаев, профессор Айтбек Нығызбаев, Жұмабек Қадырқұлов, әйгілі шебер Нұржан Ділмановтар қазылық жасауда.

Қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.