
Сонымен қатар театр фойесінде «Көктем-керуені» атты танымдық ертеңгілік ұйымдастырылып, көрісу күні – Амал мерекесінің мән-маңызы мен ұлттық дәстүрдегі орны кеңінен түсіндірілді. Балалар ұлттық ойындар ойнап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Барша ата-аналар мен балаларды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан театр шараларына шақырамыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!