
Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы орта мектебінде 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Отбасы құндылықтары – ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Педагогикалық Білім Беру Ғылым Академиясының Академигі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Аяпова Танат Тәңірбергенқызымен, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Дәркембайұлымен кездесу өтті.
Шара қонақтарына «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» көрмесі қойылып, ұлттық мұраларымыз кеңінен насихатталды. Көрмеде қазақтың дәстүрлі қолөнер бұйымдары таныстырылып, отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиенің сабақтастығы көрініс тапты. Семинар қонақтары мен қатысушылары ұлттық өнердің терең мәніне қанығып, рухани тағылым алды.