
Босаға мен шаңыраққа деген құрмет ежелден келе жатырған дәстүр. Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі тарих бөлімінің ғылыми қызметкері Толқын Түйешиева отбасы ұғымында шаңырақ - өсіп, өнудің ұйытқысы және дәстүрлі тәрбие орны, бейбіт өмір мен бақыттың, татулықтың белгісі ретінде саналатынын айтты.