
6 наурыз — Мәдениет және Ұлттық дәстүр күні
Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Камажай» ұлттық биіне арналған флешмоб ұйымдастырылды.
Қатысушылар қазақтың әсем ұлттық биін билеп, халқымыздың бай мәдениетін, өнерін және дәстүрін дәріптеді. «Камажай» биі — нәзіктік пен әсемдіктің, ұлттық өнер мен рухтың көрінісі.
Осындай шаралар арқылы ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, жастарға ата-баба дәстүрін насихаттау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық дәстүріміз ұлықталып, мәдениетіміз мәңгі жасай берсін!