
Жас келіндер 4 түрлі кезең бойынша бақтарын сынады: «Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру, «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» - қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптарын негізге ала отырып, театрландырылған көрініс қою, «Берекелі қолдар» - нан жаю өнерін көрсету, «Өнегелі де өнерлі келін» - өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін көрсету.
Әділқазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, Еңбек ардагері – Кунанбаева Алма Сунгатовна, «Арқа ажары» газетінің тілшісі, ақын, журналисттер одағының мүшесі, Республикалық келіндер байқауының қатысушысы – Тоқанова Майра Қуанышқызы, «Көкшетау» мәдениет сарайының маманы, қолданбалы өнер шебері – Хисав Риза төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен: Көкшетау қаласы, №2 мектеп-лицейінің аға тәлімгері – Есенова Данара, С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің педагог-ұйымдастырушысы – Искендирова Мақпал байқауға белсене қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.
ІІІ орынды Атбасар қаласы, №7 ЖОББМ педагог, психологы – Жұмашова Жанар, Көкшетау қаласы, №9 ЖОББМ педагог ұйымдастырушы – Сеиіт Фатима; ІІ орынды Степногорск қаласы, Қырыққұдық ауылынан – Нұрсәуле Бахытхан, Көкшетау қаласы, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагог-хореографы – Азим Айгерім; І орынды Аршалы ауданы, аудандық мәдениет үйінің мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы – Айсұлу Скакова; Бас жүлдені – Зеренді ауданы, Алексеевка ауылы, ауылдық кітапханасының кітапханашысы – Дакен Роза иеленді.
Байқауға қатысқан барлық келіндерге алғысымызды білдіреміз. Сіздер өз өнерлеріңізбен қатар, инабаттылық пен іскерліктің, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің жарқын үлгісін көрсете білдіңіздер. Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке мен бірлік тілейміз! Әрдайым осындай жарқын жүздеріңіз бен ізгі істеріңізбен көпке үлгі болып жүре беріңіздер!