ШАҢЫРАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

ШАҢЫРАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

ШАҢЫРАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды рәсім өтті.

Шара барысында ұлттық киім киген ақсақал мен ақ жаулықты ананың қатысуымен өнегелі отбасыларға құрмет көрсетіліп, жас жұбайларға бата берілді. Іс-шарада 50 жылдан астам уақыт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан Түктыбаев Ермақанбет Үдербайұлы мен жұбайы Мамешова Құрманайым құрмет төрінен орын алды. 1973 жылы отау құрған өнегелі отбасы 6 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немере-шөберелерінің қызығын көріп отырған ардақты ата-әже. Сонымен қатар жаңа шаңырақ көтерген жас жұбайлар Бектемір Асадбек Айбекұлы мен Ергешова Рухшона Улугбекқызына ақсақал мен ақ жаулықты ана ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.