2026 жылғы 15 наурызда «Kazrost Engineering Ltd» кәсіпорнында «Қайырымдылық күні» аясында Еңбеккерлер Ассамблеясының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

2026 жылғы 15 наурызда «Kazrost Engineering Ltd» кәсіпорнында «Қайырымдылық күні» аясында Еңбеккерлер Ассамблеясының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шара барысында кәсіпорында еңбек ететін көпбалалы аналардың отбасыларына ақшалай көмек көрсетілді. Бұл бастама ұжымдағы әлеуметтік қолдауды нығайтуға және қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталды.

Зауыт директоры Жақыпов Азамат Темірғалиұлы өз сөзінде мереке қарсаңында мұндай игі іс-шаралардың тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, ол көпбалалы аналарға алғысын білдіріп, отбасыларына амандық, денсаулық және береке тіледі.

Осындай қайырымдылық акциялары кәсіпорын ұжымының бірлігін арттырып, қоғамдағы өзара көмек пен қолдаудың маңызын көрсетеді.