15 наурыз қайырымдылық күніне орай Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Өтелмеген парыз» қойылымы сахналанды.

15 наурыз қайырымдылық күніне орай Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Өтелмеген парыз» қойылымы сахналанды.

Спектакльде адам тағдыры, ар-ождан, жауапкершілік, ұрпақ алдындағы парыз секілді мәңгілік құндылықтар терең көрініс тапқан. Қойылымның режиссерлік шешімі мен актерлердің шынайы ойыны көрерменді бейжай қалдырмай, әрбір сахна арқылы өмір туралы ойлануға жетеледі.

Театр ұжымы қойылымды заманауи көркемдік тәсілдермен үйлестіріп, көрерменге әсерлі қойылым ұсынды. Әсіресе басты кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін ашудағы актерлік шеберлік көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.