
Бұл күн адамдардың жүрегінде мейірімділік пен адамгершілік сезімдерін оятып, қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайтады. Өзара қолдау көрсету, қонақжайлық пен жанашырлық дәстүрі ежелден дала көшпелілерінің мәдениетінде ерекше орын алған.
✨ Осы күні облыстық мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мен қалалық ақпараттық-кітапханалар жүйесінің қызметкерлері зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханаға барды.
✨ Мәдениет қызметкерлері олар үшін мерекелік дастархан жайып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар әрбір қатысушыға азық-түлік қоржыны мен тәттілер табысталды.
✨ Кездесу жылы лебізге, шынайы ықыласқа және рухани жақындыққа толы жағдайда өтті. Әсем әндер мен жылы сөздер жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Мұндай игі шаралар адамдарға қамқорлық пен жанашырлықтың маңызын тағы бір мәрте еске салады.
✨ Қайырымдылық күні – мейірім мен өзара көмектің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін айқын көрсететін ерекше күн. Себебі кішкентай ғана жақсылықтың өзі адамдарға қуаныш, үміт және жақсылыққа деген сенім сыйлайды.