Наурызнаманың онкүндігі аясында Шалқар аудандық ауруханасында «Шаңырақ күніне» орай тағылымды іс-шара өтті

Наурызнаманың онкүндігі аясында Шалқар аудандық ауруханасында «Шаңырақ күніне» орай тағылымды іс-шара өтті

 

Аталған мерекеге орай аудандық аурухана басшысы Е.А. Купенов пен «Qamqor» кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.М. Салин төрт бірдей нәрестені дүниеге әкелген ананы арнайы құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Есенғали Көпенов ел демографиясының өсуіне үлес қосып, бала тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарап отырған аналарға азаматтық алғысын білдіріп, жаңа туған сәбилерге қажетті заттарды табыстады.

Шаңырақ күнімен тұспа-тұс келген бұл қуанышты сәт – дүниеге келген сәбилердің өмірге алғашқы қадамдарының отбасы құндылықтарымен астасып, берекелі өмірдің бастауы екенінің айқын көрінісі болды.

Жалпы, «Шаңырақ күні» – жас ұрпақтың бойына патриотизмді, адамгершілікті, білімге құштарлық пен еңбекқорлықты сіңіруге бағытталған маңызды мереке.