
18 наурыз күні сағат 18:00-де «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты іс-шара өтеді.
Бағдарлама аясында Өскемен қаласының шеберлері ұсынған ұлттық стильдегі киімдер мен аксессуарлардың көрсетілімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге арналған бұйымдар мен әшекейлер көрмесі, концерттік бағдарлама және қала тұрғындары арасында ең үздік ұлттық образға арналған байқау өткізіледі.
Іс-шара Наурызнама мерекесі аясында, Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылады.