
15 наурыз – Қайырымдылық күні аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданында әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Наурыз мерекесі – бірлік пен жаңарудың, ізгілік пен қамқорлықтың мерекесі. Осындай қайырымды істер алдағы уақытта да жалғасын табуда.