Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15 наурыз – "Қайырымдылық күніне" орай әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15 наурыз – "Қайырымдылық күніне" орай әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Қайырымдылық акциясы барысында 22 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері жеткізіліп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Осындай игі шаралар халық арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, қайырымдылықтың маңыздылығын арттыра түседі.