“АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ”

“АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ”

 

«Наурызнама» онкүндігі аясындағы 15 наурыз - «Қайырымдылық күніне» орай, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Қобда көпсалалы колледжінің еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты — өңіріміздің дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері мен қарияларымызға құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу.

Игі шара барысында жастар ардагерлердің үйіне барып, аула тазалығына көмектесті.

Қариялардың ақ батасын алған жастар үлкенге құрмет — ұрпаққа міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.