
Көрісу күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді халқымыздың ізгі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше мереке. Бұл күн татулық пен сыйластықты нығайтып, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыра түседі.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және игілік орнасын! 🤝 С праздником Көрісу күні!