ШЫМКЕНТ: АРБАТТА КӨРІСУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: АРБАТТА КӨРІСУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: АРБАТТА КӨРІСУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкент қаласында 14–24 наурыз аралығында ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және халық арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Наурызнама» онкүндігі бастау алды. Көктемнің шуақты мерекелерімен қатар өтетін бұл онкүндік аясында қалада түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Онкүндіктің алғашқы күні – 14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесіне орай қаладағы Арбат демалыс аймағында мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Шара барысында қала өнерпаздары ән айтып, би билеп, жиналған тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектер айтатын ерекше ұлттық дәстүрдің бірі.
Мерекелік бағдарламада «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен «Қазына» халықтық би ансамблі өз өнерлерін ортаға салды. Әсем ән мен ұлттық билер мерекенің сәнін арттырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар қалалық театр ұжымдары да шараға ат салысып, шараға жиналған көпшілік бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, ақжарма тілектерін айтып, Амал мерекесінің мәнін айшықтай түсті.

Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында 16–24 наурыз аралығында Шымкент қаласында ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптейтін мерекелік бағдарламалар, концерттер, көрмелер, сән көрсетілімдері, ұлттық спорт ойындары және шығармашылық кездесулер күтеді.