
Бүгін М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Әке – ұлт болашағының жауапты тұлғасы» тақырыбында
әкелер форумы – құндылықтар диалог алаңы өтті.
Форумның басты мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шараға Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы Кошанова Айгерим Болатовна, гимназия директоры Ахмеджанова Ардак Маратовна, құрметті әкелер, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Форум барысында әкелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, отбасылық құндылықтар және әке беделінің маңызы туралы мазмұнды ойлар айтты.
Спикерлер:
Кыдырмин Ренат Коянбекович – «Әке сөзі – өмірлік бағдар»
Шикатаев Егинбай Шикатаевич – «Жауапты әке – табысты ұрпақ»
Талап Айдос Нұрлыбекұлы – мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Хасенов Сарсенбай Оразович – әкелік өнеге туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар форум барысында Көкшетау қалалық әкелер кеңесінің төрағасы Бекзан Алмасбек мырза сөз сөйлеп, әкенің қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі және отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы туралы мазмұнды пікірін білдірді
Форум аясында ашық пікір алмасу өтіп, мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген әкелер Алғыс хаттармен марапатталды
Әке – отбасының тірегі, балаға бағыт беретін ұстаз, ұлт тәрбиесінің іргетасы.
Осындай кездесулер арқылы ұрпақ тәрбиесінде әке рөлінің маңызы тағы бір мәрте айқындала түсті.
М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы