«Көрісу – көңілдің көктемі» атты мерекелік іс-шара өтті.

«Көрісу – көңілдің көктемі» атты мерекелік іс-шара өтті.

 

13 наурыз Достық үйінде көрісу мерекесіне арналған “Көрісу - көңілдің көктемі” атты мерекелік іс шара өтті.

Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандасып, амандық-саулық тілеп, ізгі ниетпен қауышатын ерекше дәстүрлі мереке. Бұл күні үлкенге құрмет көрсетіліп, ағайын-туыс пен көрші-қолаң бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіреді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл дәстүр халықтың бірлігі мен сыйластығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді.

Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын мәдени көріністер, ән мен күйден құралған концерттік бағдарлама ұсынылды. Қонақтар мен қатысушылар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Мерекелік шара ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған тағылымды кездесу болды.