20 наурыз - Ұлттық спорт күні

20 наурыз - Ұлттық спорт күні

20 наурыз күні – Шымкент қаласында Ұлттық спорт күніне орай түрлі жарыс ойындары ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық спорт түрлері насихатталып, қатысушылар қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындардан өзара бақ сынайды. Мерекелік жарыстардың мақсаты – ұлттық спортты дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.