Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, Әйтеке би!

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, Әйтеке би!

 

​Күн мен түн теңеліп, табиғат-ана бусанған, жер-жаһан нұрға бөленген әз-Наурыз босағамыздан енді!

Бұл — тек жыл басы емес, бұл — бірлік пен берекенің, ізгілік пен жаңарудың символы. Биыл Әйтеке би ауданында Наурыз мейрамы ерекше форматта — «Наурызнама» онкүндігі аясында аталып өтілмек!

Он күн бойы ауданымыз нағыз думанның ортасына айналады:
🔹 Көне салт-дәстүрлеріміз жаңғырады;
🔹 Ұлттық спорттан тартысты жарыстар өтеді;
🔹 Қайырымдылық шаралары мен тағылымды кештер ұйымдастырылады;
🔹 Көктемгі тазалық пен мәдениет салтанат құрады.

​Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды мерекелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы болуға шақырамыз. Ақ дастарқан басында қауышып, ақ тілектерімізді бірге айтайық!
​Ауданымыздың әр шаңырағына құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!

​Келіңіздер, Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алайық!