«НАУРЫЗ ДУМАН» Н.МОЛДАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ

«НАУРЫЗ ДУМАН» Н.МОЛДАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ

Өткізу күні: 20 наурыз 2026 жыл, 18:30

Өткізу орны: «Жастар Сарайы»

20 наурыз күні сағат 18.30-да Қостанай қаласындағы Жастар сарайында Н. Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Наурыз думан» атты мерекелік концерті өтеді.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған кеште филармонияның шығармашылық ұжымдары мен солистері өнер көрсетеді. Көрермендер ұлттық музыка мен әсем әндерді тыңдап, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін паш ететін ерекше концерттік бағдарламаны тамашалай алады.

Мерекелік концерттің басты мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, Наурыз мерекесінің рухын сезіндіру және көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

«Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы» КМҚК барлық қостанайлықтар мен қала қонақтарын 20 наурыз күні сағат 18.30-да Жастар сарайының концерт залында өтетін «Наурыз думан» атты Н. Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертіне  шақырады.

 

«Юбилейный» ш-а, 56

т/ф. +7 (7142) 90-23-65, 87772722549

e-mail: filarmoniakostanay@mail.kz