Көрме кешенінде портреттік кескіндеме көрсетілімі өтеді

Көрме кешенінде портреттік кескіндеме көрсетілімі өтеді

Іс-шара М. Горький көшесі, 59 мекенжайындағы көрме кешенінде портреттік кескіндеме көрсетілімі өтеді. Іс-шара сағат 11:00-де басталып, оны «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМКК ұйымдастырады.

Шығармашылық кездесуді Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі, суретші К. Акуов жүргізеді. Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары портреттік кескіндеменің ерекшеліктерімен танысып, сурет салу процесін тамашалай алады.

Шараның мақсаты – бейнелеу өнерін дәріптеу, көркем мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және келушілерді заманауи суретшілердің шығармашылығымен таныстыру.