«Шуақты Наурыздың бояулары» этнографиялық көрмесі

«Шуақты Наурыздың бояулары» этнографиялық көрмесі

19 наурыз күні сағат 10:00-де «Император» сауда кешенінде Жаңару күніне орай «Шуақты Наурыздың бояулары» атты этнографиялық көрме өтеді.

Іс-шараны «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМКК ұйымдастырады.

Көрме барысында келушілер қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдени мұрасымен танысып, тұрмыс-салт бұйымдарын, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын және этнографиялық мәдениеттің байлығын көрсететін экспонаттарды тамашалай алады.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны сақтау және қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрлерімен таныстыру.