Наурыз мейрамы қарсаңындағы көрме – «Технология және жаңару»– болашақтың робототехникасы мен интеллектуалды жобалары

Наурыз мейрамы қарсаңындағы көрме – «Технология және жаңару»– болашақтың робототехникасы мен интеллектуалды жобалары

Жаңару күніне орай, білім беру мекемелерінде студенттері мен оқушылары арасында «Технология және жаңару» атты көрме өтеді. Көрме шеңберінде жас дарындар өздерінің робототехника жобалары, интеллектуалды еңбек нәтижелері мен инновациялық шешімдерін таныстырады.

Іс-шараның мақсаты – жас зерттеушілер мен инженерлерді ынталандыру, технологиялық жаңалықтарға қызығушылықты арттыру және шығармашылық әлеуетті дамыту. Көрмеде қатысушылар өз жобаларын таныстырып қана қоймай, тәжірибе алмасу, қолданбалы дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ инновациялық идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.

Көрме уақыты: 2026 ж. 19 наурыз
Өтетін орны: Сарыкөл ауданының білім беру ұйымдары