
15 наурыз – Қайырымдылық күні
15 наурыз күні Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағында Қайырымдылық күніне арналған іс-шаралар өтеді.
Аталған күн мейірімділік, өзара көмек және көршілік қарым-қатынасты нығайту тақырыптарына арналады. Іс-шара аясында қайырымдылық акциялары мен түрлі игі бастамалар ұйымдастырылады.
Барша қала тұрғындары мен қонақтарын аталған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.