
15 наурыз күні Шал ақын ауданында Наурыз мейрамы аясында «Қайырымдылық күні» ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, қоғамда қайырымдылық, жанашырлық және өзара көмек құндылықтарын насихаттау.
«Қайырымдылық күні» - бұл мұқтаж жандарға көмек қолын созып, игі істер жасауға үндейтін ерекше күн. Акция барысында әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмегі көрсетіледі.
Наурыз - татулық пен жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осындай ізгі шараның өткізілуі - ұлттық мерекенің мазмұнын тереңдете түсіп, қоғамдағы жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарын айқындай түседі.