Ақтөбеде Қайырымдылық күні аясында әлеуметтік акциялар өтеді

Ақтөбеде Қайырымдылық күні аясында әлеуметтік акциялар өтеді

 

15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық аудандарында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

Іс-шаралар қарттар үйі тұрғындарына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар мәдени мекемелерде концерттік бағдарламалар мен шығармашылық кездесулер өткізіледі.