14 наурыз күні Ақтөбе қаласында Көрісу күніне арналған «Берекелі бастау» мәдени-көпшілік шарасы өтеді. Мерекелік іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында ұйымдастырылады.
Бағдарлама аясында ұлттық ойындар, ұлттық спорт алаңдары, қолөнер шеберлерінің көрмелері және шеберлік сағаттары өткізіледі.
Шара барысында қазақ халқының көрісу дәстүрі мен салт-жоралғылары насихатталып, концерттік бағдарлама ұсынылады.