
Ақтөбе облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай кең көлемді мерекелік іс-шаралар өтеді. Биыл 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» тұжырымдамасының онкүндігі аясында облыс бойынша 1600-ден астам мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастыру жоспарланған.
Мерекелік бағдарламалар ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, халықтың бірлігі мен татулығын нығайтуға, мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Облыс орталығы мен аудандарда концерттер, театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, көрмелер және шығармашылық жобалар ұйымдастырылады.
Жалпы көктем мерекелері аясында өңірде 2400-ден астам мәдени іс-шара өткізіліп, 700 мыңнан астам көрерменді қамту жоспарланып отыр.