Ақтөбеде «Наурызнама» онкүндігінің күнтізбесі жарияланды

Ақтөбеде «Наурызнама» онкүндігінің күнтізбесі жарияланды

 

Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігінің күнтізбесі жарияланды.

Биыл Наурыз мерекесі елімізде жаңартылған форматта атап өтіліп, 14–23 наурыз аралығында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады. Онкүндік аясында ұлттық дәстүрлерді насихаттау, қайырымдылық шараларын өткізу, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

Жарияланған күнтізбе бойынша:

  • 14 наурыз – Көрісу күні

  • 15 наурыз – Қайырымдылық күні

  • 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

  • 17 наурыз – Шаңырақ күні

  • 18 наурыз – Ұлттық киім күні

  • 19 наурыз – Жаңару күні

  • 20 наурыз – Ұлттық спорт күні

  • 21 наурыз – Ынтымақ күні

  • 22 наурыз – Жыл басы

  • 23 наурыз – Тазару күні

Онкүндік аясында қала мен облыстың түрлі алаңдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар, ұлттық ойындар, концерттер мен қайырымдылық акциялары өтеді.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды Наурыз мерекесін бірге атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырады.