«Көрісу күні – Амал мерекесі»

«Көрісу күні – Амал мерекесі»

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді жарқын әрі жылы мерекелік шараға — «Семей көктем» фестивалінің салтанатты ашылуына қуана шақырамыз!

Бұл ерекше күні сіздерді мерекелік көңіл-күй, әсем музыка, шат күлкі мен ұмытылмас әсерлер күтеді. Мереке Көрісу күніне арналған салтанатты концертпен жалғасады. Концерт барысында өнерпаздар көрермендерге өздерінің ең үздік шығармашылық нөмірлерін ұсынып, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Туыстарыңызбен және достарыңызбен бірге келіп, көктемді қарсы алып, мерекенің қуанышын бірге бөлісіп, бірлік пен ізгілікке толы ерекше күнді бірге өткізулеріңізге шақырамыз.

📍 Өтетін орны: Семей қаласы, Қарағайлы шағын ауданының саябағы.

Мерекеде жүздескенше!