
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді 14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесіне арналған мерекелік шараға шақырамыз!
Бұл – адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектер айтатын ерекше күн. Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтайтын бұл шарада әсем ән мен күй, көтеріңкі көңіл-күй сіздерге тарту етіледі.
Баршаңызды мерекелік кеште қуана қарсы аламыз!