Меню
Страницы

Қонаев қаласындағы Alatau Hub алаңы Наурыз мерекесіне орай ерекше кеңістікке айналды

Қонаев қаласындағы Alatau Hub алаңы Наурыз мерекесіне орай ерекше кеңістікке айналды

Мұнда бауырсақтың иісі ұлттық ойындармен араласып, ақырында цифрлық технологиялар бойынша интеллектуалдық батлға ұласты. AI Digital Nauryz шарасында студенттер мен жас IT мамандары нейрожүйелер, машиналық оқыту және стартаптар туралы әңгімелесті.

Neckarwiese компаниясының директоры Тимур Бакибаев AI-дың өздігінен қалай оқитынын түсіндірсе, ITC Soft негізін қалаушы Бектур Токтогулов AI құралдарын пайдаланып минималды өміршең өнім (MVP) жасаудың жолдарын көрсетті. Қонақтар сұрақтар қойып, тәжірибе алмасып, ұлттық ойындарға белсене қатысты.

Шара барысында IT Quiz викторинасы өтті, ал дастарқанда ыстық бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл формат жастардың цифрлық әлем мен мәдениет арасындағы байланысын нығайтады. AI Digital Nauryz Қонаевта ұлттық кодты XXI ғасыр контекстінде қалай сақтап, жаңаша көрсетуге болатынын көрсеткен сәтті мысал болды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң