Меню
Страницы

Соревнованиями по национальным видам спорта

Соревнованиями по национальным видам спорта

Жамбыл ауданынының Қарасу ауылдық округіне қарасты Сарыбай би елдімекенінде Наурызнаманың онкүндігі аясында Шаттық күніне арналған іс-шара өтті. Осындағы Сарыбай би ауылдық Мәдениет үйінің жанында ұйымдастырылған бұқаралық шараға 100-ден астам жас спортшы белсенді қатысты.

Жарыстың салтанатты ашылуында Сарыбай би ауылдық Мәдениет үйінің директоры Айнагүл Несіпбайқызы, жарысты ұйымдастырған спорт жаттықтырушысы Талапхан Әуесханұлы көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарысты ауыл тұрғындары мерекелік көңіл-күймен тамашалады. Атап айтқанда жастар арасында қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, бес тас және тоғызқұмалақ ойындарынан бәсеке қызып, бұлшық еттері буылтық атқан жігіттер гір көтеруден сынға түсті. Шараға қатысқан барлық спортшылар ойын соңында арнайы кубок, медаль, мақтау грамоталарымен марапатталды.

Шараны Сұраншы батыр ауылдық Мәдениет үйінің әншісі Айдос Серікбай мен Сарыбай би ауылдық Мәдениет үйінің әдіскері Гүлжанат Серікбай жүргізді. Ұлттық спорт күніне арналған мерекеге сондай-ақ Жамбыл аудандық Мәдениет үйі және Шиен, Аққайнар, Сұраншы ауылдық Мәдениет үйлерінің өнерпаздары атсалысты. Сарыбай би ауылдық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Шалқыма»  би ансамблі өнер көрсетті.

 

 

https://alatauaraiy.kz/2026/03/ltultyk-sport-turlerinen-zharys-otti/ 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң