Меню
Страницы

Под звуки домбры и аромат наурыз коже

Под звуки домбры и аромат наурыз коже

Жамбыл ауылында Наурыз мерекесі кең көлемде, ерекше ықыласпен аталып өтті. Бұл күні мәдениет үйінің алдындағы алаңға тұрғындар отбасыларымен жиналды.

«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік шара жүздеген ауыл тұрғынын бір арнаға тоғыстырды. Көктемнің жаңаруын, игі өзгерістерді білдіретін бұл мейрам ауылда ежелгі дәстүрге құрметпен, әрбір детальға мән беріле отырып ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындарын Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақытжан Жайлямысов құттықтап, мұндай мерекелер елді біріктіретінін атап өтті. Сондай-ақ ол шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Бірқатар тұрғындарға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттар табысталды.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Жақсыұлы да ауылдастарын Наурыз мейрамымен құттықтап, әр шаңыраққа амандық пен береке тіледі. Ал республикалық және облыстық «Үздік бата» байқауларының жеңімпазы Алқожа Мәсенов ақ батасын берді.

Мереке жергілікті көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сахнада домбырашылар ансамблінің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің күйлері шырқалып, алғашқы нотадан-ақ танылатын әуендер көрерменнің көңілін тербеді. Әншілер көпшілікке таныс әндерді орындап, би ұжымдары ұлттық нақыштағы қойылымдарымен дәстүрдің бүгінгі күнмен сабақтастығын көрсетті. Сонымен қатар алаңда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оған балалар мен ересектер белсене қатысты.

Мереке соңында жиналған жұрт дастархан басына жиналып, наурыз көже мен түрлі тәттілерден дәм татты. Ауыл тұрғындары асықпай тарқап, өзара әңгімелесіп, жылы жүздесіп, мерекелік көңіл күйді ұзаққа созды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң