
Шымкент қаласының перзентханаларында жаңа босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйлары табысталады.
Бұл бастама Наурыз мерекесі аясында жүзеге асырылып, осы жарқын күндері ана атанған әйелдерге құрмет пен қолдау көрсетуге бағытталған.
Іс-шара барысында медициналық мекеме өкілдері мен ұйымдастырушылар аналарды нәрестелі болуымен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстап, оларға және отбасыларына зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейді.
Аталған акция мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға, отбасылық құндылықтардың маңызын арттыруға және ұлттық Наурыз мейрамының дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.
📅 Өтетін күні: 17.03.2026 ж.
26 г.