Меню
Страницы

Ұлттық спорт күні мен көктемнің мерекесі Наурыз құрметіне ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен кешенді жарыстар

Ұлттық спорт күні мен көктемнің мерекесі Наурыз құрметіне ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен кешенді жарыстар

 2026 жылғы 20 наурызда Ұлттық спорт күні мен көктемнің мерекесі Наурыз құрметіне ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен кешенді жарыстар өтеді.

Қатысушыларды тіркеу: 20 наурыз, 08:30–10:00

Салтанатты ашылу рәсімі: 20 наурыз, 10:00–10:30

Жарыстың басталуы: 20 наурыз, 10:30.

Өтетін орны: Алматы облысы спортты дамыту дирекциясының стадионы, Қонаев қаласы, Демалыс аллеясы 2-А.

Спорттық мерекеге облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары, түрлі жас санатындағы барлық ниет білдірушілер (6 жастан 60 жастан жоғары) қатыса алады.

Жарыстар келесі спорт түрлері бойынша өтеді:

  • бұқа тартыс (18 жастан жоғары ерлер);
  • арқан тартыс (16 жастан жоғары жастар мен ерлер);
  • ләңгі тебу (16 жастан жоғары жастар мен ерлер);
  • бес асық (жас ерекшелігіне шектеу жоқ қыздар мен әйелдер);
  • асық ату (16 жастан жоғары жастар мен ерлер);
  • тоғызқұмалақ (жас ерекшелігіне шектеу жоқ);
  • гир көтеру (18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер);
  • армрестлинг (18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер);
  • баскетбол 3×3 (16 жастан жоғары жастарр мен ерлер);
  • кермеге тартылу (21 жастан жоғары ерлер);
  • брусьяда жаттығулар (16 жастан жоғары жастар мен ерлер).

   Мақсаты мен міндеттері: халықтың түрлі жас санаттары арасында салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыру; достықты, бірлік пен патриоттық рухты нығайту; әр спорт түрі бойынша мықты спортшылар мен командаларды анықтап, оларды алдағы түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындау; Наурыз мерекесі күндері белсенді әрі мазмұнды демалыс ұйымдастырып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу.

 Әр спорт түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және тиісті дәрежедегі дипломдармен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Жалпы жүлде қоры – 1 300 000 теңгеден астам.

 Жарыс ұйымдастырушылары: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының «Бұқаралық спорт клубы».

Байланыс телефоны:

+7 707 356 8300 (Ықылас Қадырқожаев).

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң