
Құрметті тұрғындар!
Сіздерді 14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесіне арналған мерекелік шараға шақырамыз!
Бұл күн – қыстан аман шығып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен көрісіп, ақ тілектер айтатын берекелі мереке.
Бірлік пен татулықты дәріптейтін шарада ұлттық дәстүрлер мен әсем ән-күй ұсынылады.
Баршаңызды көтеріңкі көңіл-күймен күтеміз!