
Фестивальге Швейцария, Бельгия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Франция, Түркия, Сербия және Грузия елдерінен арнайы шақырылған 10 бас аспаз және 50 жергілікті қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, кафелер, фаст-фуд және т.б.) қатысатын болады. Фестиваль өтетін алаңда Халықаралық бас азпаздар аймағы, ұлттық тағамдар, еуропалық және азиялық тағамдар, палау, кәуап және самса аймақтары жұмыс істейтін болады. Іс-шараның бағдарламасына сәйкес шетелдік бас аспаздар өз елдерінің ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша кулинарлық шоу көрсетеді, бас аспаздар бірігіп «Наурыз көже» әзірлейді және жергілікті бас аспаздардың қатысуымен байқау (ең үздік Наурыз көже, ең үздік палау, ең үздік кәуап, ең үздік самса номинациялары бойынша) ұйымдастырылады. Сонымен қатар, іс-шара аясында концерттік бағдарлама, мотошоу, 15 спорт автокөліктерінің көрмесі, көше билері, цирк шоуы, ходулистер бағдарламасы және Арбат алаңында 30 қолөнершінің көрмесі өтеді. орысша