Меню
Страницы

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді көктемнің жаршысы, дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымызды ұлықтайтын Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектер айтатын ерекше мереке. Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен мейірімнің белгісі. Амал мерекесінде көптен көріспеген ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірімен қауышып, «Бір жасыңмен!» деп ақжарма тілектерін білдіреді. Осылайша адамдар өткенге шүкір айтып, жаңа жылды жақсы ниетпен қарсы алады. Осыған орай, баршаңызды Арбат демалыс аймағында өтетін Көрісу күні – Амал мерекесіне арналған мерекелік концерттік бағдарламаға шақырамыз. Шымкент қаласының өнерпаздары өз өнерлерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Келіңіздер, сағынышпен көрісіп, мейірім мен жылы лебіздерімізді бірге бөлісейік! 📍 Өтетін орны: Арбат демалыс аймағы 📅 Күні: 14 наурыз 🕒 Уақыты: 11:00 перевод орысша
 
Составление текстов
 

Уважаемые жители и гости города Шымкента!

От всей души поздравляем вас с праздником Амал — Днём встречи (Көрісу күні), который является вестником весны и символом наших традиций и общих ценностей.

Этот день — особенный праздник, когда люди встречаются друг с другом, справляются о здоровье и благополучии, забывают обиды и говорят добрые пожелания. День встречи — это символ согласия и единства, уважения и доброты.

В праздник Амал родственники, друзья и близкие, которые давно не виделись, встречаются и поздравляют друг друга словами: «С одним годом больше!» (Бір жасыңмен!), выражая искренние пожелания. Таким образом люди благодарят за прошедший год и встречают новый год с добрыми намерениями.

В связи с этим приглашаем всех вас на праздничную концертную программу, посвящённую празднику Көрісу күні — Амал, которая состоится в зоне отдыха Арбат. Творческие коллективы города Шымкента представят свои выступления и подарят праздничное настроение.

Приходите, чтобы встретиться с близкими, поделиться теплом, добрыми словами и радостью!

📍 Место проведения: зона отдыха «Арбат»
📅 Дата: 14 марта
🕒 Время: 11:00

 
 
 
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң