
17 наурыз күні Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұлттық дәстүрлерге қызығушылықты арттыру және киіз үйдің құрылысы мен маңызын таныстыру мақсатында, «Ұлт мұрасы – киіз үй» атты киіз үй макетін құрастыру бойынша байқау өткізіледі. Қатысушылар диаметрі мен биіктігі 1,5 метр болатын киіз үйді ұлттық талаптарға сай құрастырып, оның ішкі жабдықтарын қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарымен толық безендіруі тиіс.
Байқауға мектеп оқушылары мен балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары қатысады. Міндетті шарттардың бірі – киіз үйді құрастыру процесін бейнетаспаға түсіріп, бейнежазбаның сілтемесін QR-код арқылы ұсыну. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады