20 наурыз күні сағат 11.00- 17.00-де Қарағанды қаласындағы Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетикалық манежінде мемлекеттік қызметшілер арасында «Ұлттық спорт күніне» және «Наурыз мейрамына» арналған жарыстар өткізіледі. Спорттың 6 түрінен асық ату, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, кір тасын көтеру, қол күресінен өтетін додаға шақырамыз!