Меню
Страницы

Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің мерекелік экскурсиялары және Наурыз тақырыбындағы көрме таныстырылымы

Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің мерекелік экскурсиялары және Наурыз тақырыбындағы көрме таныстырылымы

21 наурыз – Наурыз мейрамы аясында бірлік пен татулықты дәріптейтін ерекше күн. Осы мерекеге орай Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі келушілер назарына музей қорынан бірқатар тақырыптық көрмелерді ұсынады.

Атап айтқанда, «2020–2025 жылғы топтамалар», «Ынтымақ пен алғыс шуағы», «Дәстүр мен мәдениет – рухани мұра. Айша Ғалымбаеваның шығармашылығы», сондай-ақ, Қазақстан Суретшілер Одағы суретшілерінің Наурыз тақырыбына арналған көрмесі ұсынылады. Бұл экспозициялар ұлттық мәдениеттің бай мұрасын, халықтың дәстүрлері мен рухани құндылықтарын кеңінен таныстырып, қоғамдағы ынтымақ пен өзара құрмет идеясын насихаттауға бағытталған. Көрмелерде кескіндеме, графика және басқа да көркем өнер туындылары арқылы қазақ халқының мәдени болмысы мен ұлттық бірегейлігі көрініс табады.

Көрермендер музей қорындағы сирек кездесетін шығармалармен танысып, қазақстандық суретшілердің шығармашылық ізденістері мен көркемдік әлемін тамашалай алады. Бұл көрмелер – Наурыз мерекесінің рухын сезінуге, ұлттық өнер мен мәдениетті тереңірек тануға мүмкіндік беретін ерекше мәдени оқиға.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң