
Аталған шарада 17-25 жас аралығындағы қатысушылар өз өнерлерін, білімін, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, талантты әрі өнерлі жастарды анықтау және олардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік қатысушылар байқаудың келесі кезеңіне жолдама алады.