17 наурыз – Шаңырақ күні. Осыған орай, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Дәстүр - ұлттың тамыры» атты мектеп оқушылары арасында қалалық байқау өтеді. Мектеп оқушылары қазақтың ұлттық өнері – ұршық иіруден сайысқа түсіп, оның жасалу жолдары мен иіру әдістерін, ұршықтың қазақ әйелдерінің күнделікті тұрмысында қандай маңыздылығын айтып, өз жұмыстарын қорғайды. Сайысқа Павлодар қаласындағы жалпы білім беру мектептерінде оқитын 6-9 сыныптағы қыз балалар қатыса алады.