16 наурыз сағат 10-00 де Ботақара кенті Спорт кешенінде Ұлттық спорт түрлерін насихаттау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудандық садақ ату спорт кешенінде жастар арасында Садақ ату бойынша жарыс өткізіледі.Жарыс барысында қатысушылар өз мергендіктерін көрсетіп, өзара бақ сынайды. Іс-шара жастардың ұлттық спортқа қызығушылығын арттыруға және спорттық шеберлігін дамытуға бағытталған. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталатын болады.
Баршаңызды ұлттық спортты қолдауға және мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Келіңіздер, сіздерді күтеміз!