
16 наурыз күні қала музейлерінде Ашық есік күні өтеді.
Іс-шара тарихи-мәдени мұраны насихаттауға және музей экспозицияларына кең аудиторияның қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары музейлерге тегін кіріп, өңірдің тарихы мен мәдени дәстүрлерін бейнелейтін көрмелермен, экспозициялармен және бірегей жәдігерлермен таныса алады.
Ашық есік күні барлық ниет білдірушілер үшін музей қорларымен жақынырақ танысып, білімін кеңейтіп, танымдық әрі мәдени атмосферада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік болады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын музейлерге келіп, іс-шараға қатысуға шақырады.