Меню
Страницы

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ КИІМ ДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ СӘНДІК ДЕФИЛЕСІ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ КИІМ ДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ СӘНДІК ДЕФИЛЕСІ ӨТЕДІ

18 наурыз күні – Ұлттық киім күніне орай Шымкент қаласындағы Концерттік - көрме орталығында сағат 11:00-де ұлттық киім дизайнерлерінің сәндік дефилесі мен көрмесі ұйымдастырылады.
Іс-шараға Шымкент қаласының ұлттық киім брендтерін қалыптастырған ірі кәсіпкерлер мен отандық дизайнерлер қатысады. Көрермендер сән көрсетілімінде жаңа ұлттық киім үлгілерін тамашалай алады. Сонымен қатар балалар арасындағы сән өнерін дамытуға арналған арнайы көрсетілім де ұйымдастырылады.
Көрмеге елімізге танымал ұлттық киім дизайнерлерінің туындылары ұсынылып, көрме-жәрмеңке арқылы қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық киім мәдениеті мен дәстүрін жақыннан сезінуге мүмкіндік алады. Бұл шара Наурыз мерекесінің рухын дәріптеу мен мәдени мұраны насихаттау мақсатында өткізіледі.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң