
Балқаш қаласындағы «Жастар» скверінде жастарға арналған ұлттық ойындар мен концерттік бағдарлама өтеді.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын тамашалап, концерттік қойылымдарды көре алады. Бағдарламаның мақсаты – жастар арасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттау, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру және шығармашылық белсенділікті арттыру.